Quantcast
Channel: Физика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 254 articles
Browse latest View live

Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

$
0
0

Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
  2. Болжам дегеніміз не?
  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

     Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды  бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

     Физиканың  4  іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;
  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
  • Электродинамика теориясы;
  • Кванттық механика теориясы.

    Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

    Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

   Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

  

ІV. Есептер шығару.

1-жаттығу.

№1, №2, №3.

V.Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§9,10. 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.


Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

$
0
0

8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

 Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, видеомагнитафон, видеокассеталар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.

Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).

 

 

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене  көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып  тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

 

ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.

  1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
  2. Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
  3. Шыныға су тамызыңдар.
  4. Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
  5. Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
  6. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
  7. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.
  8. IV. Пысықтау.
  9. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  10. Броундық қозғалыстың себебі неде?
  11. Диффузия құбылысы дегеніміз не?
  12. Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?
  13. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§1.

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.

$
0
0

8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.

Сабақ мақсаты:

  1. Цельсий шкаласы, абсолют шкаласы, температураның абсолют нөлі, газ қысымы мен оның абсолют темпертурасы арасындағы байланыс туралы түсінік алуға жетелеу.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: плакаттар, приборлар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергенін тексеру.                

Сұрақтар:

  1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  2. Броундық қозғалыстың себебі неде?
  3. Диффузия құбылысы дегеніміз не?
  4. Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Галлилей термоскопы және оның жұмыс жасау принципі.
  2. Сұйықтық термометрлер және жұмыс жасау принципі.
  3. Цельсий шкаласы.
  4. Реомюр шкаласы.
  5. Фаренгейт шкаласы.
  6. Термодинамикалық шкала.
  7. Температураның абсолют нолі.

Табиғаттағы өте төменгі температура 273,150С-қа тең. Ол температураны  абсолют нөлі деп атайды.

  1. Газ қысым мен абсолют температура арасындағы байланыс.

      

  1. Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы қатыс.

     

 

 

 

ІV. Пысықтау.

  1. Жаттығулар. 1-жаттығу. №1,№2,№3, №4,№5, №6.
  2. Қорытындылау.

VII.Үйге тапсырма §2. 1-жаттығу. №7, №8. 1-эксперименттік тапсырма.

Жeл

$
0
0

Мектебі: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің

оқушысы Тұрсынбай Лаура

Жетекші: физика пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Сырғакүл

     

Мазмұны

 

 

Түйiндeмe                                                                                                        2 бeт

Кiрiспe                                                                                                             4бeт

  1. Нeгiзгi бөлiм                                                                                             8 бeт

1.1. Жeл энeргeтикасы                                                                                      8 бeт

1.2. Жeл агрeгаттары                                                                                       11 бeт

1.3. Жeл энeргeтикасы қондырғысы                                                                  14 бeт

1.4. Жeл энeргиясын пайдалану жәнe оның тиiмдiлiгi                                        15 бeт

1.5. Энeргияның балама көздeрi                                                                       24 бeт

  1. Практикалық бөлiм                                                                                  32 бeт

Қорытынды                                                                                                     33 бeт

Пайдаланылған әдeбиeттeр                                                                             35 бeт

Күндeлiк                                                                                                        36 бeт

Пiкiр                                                                                                              37 бeт

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Денелердің жүзу шарттары

$
0
0

Казангапова Газиза Тыныскызы

 Физика пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Балқаш ауданы

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО»МКМ

 

Күні.

Пәні: физика

Сыныбы: 7        

 

Сабақтың тақырыбы

 Денелердің жүзу шарттары

Мақсаты

Денелердің жүзу шарттары туралы  білімдерін оқушы санасына бекіту, жүйелеу.

Өткен тақырып бойынша берілген әр түрлі тапсырмаларды практикада қолдану.

Оқушылардың белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,

 шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Табыс критерийлері:

1.Архимед күшінің неге тең екенін түсінеді

 2.Денелердің жүзу шарттарын  ажырата біледі.                                    

 3.Денелердің жүзу шарттарын  практикада қолданып  есеп шығара біледі.   

 4. Формулаларды есеп шығаруда қолданады.

Түйінді идея

 Денелердің жүзу шарттарының ерекшеліктерін түсінеді 

Сілтеме

Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Д.Қазақбаева  оқулық 7-сынып

Интернет желісі.

Оқыту әдісі

Топпен жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік әдіс, жинақтау әдісі

Көрнекілік

Техникалық құралдар

       1. Интербелсенді тақта

  2.Ақпараттар А4 форматты қағаз,маркерлер.

  3.Электронды оқулық 

 

                       Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

 Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

 

 

 

1.Білу

 

 

2.Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қолдану

 

 

1.Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылармен  жаттығу орындау.

2.Кәмпиттер  арқылы  екі топқа бөлінеді.

 

 

«Алтын балық» стратегиясы

 

 

Электронды оқулықты қосу.

 

      1) Егер дене сұйыққа толық батып,оның

          ішінде жүзіп жүрсе,онда денеге әрекет

          ететін ауырлық күші архимед күшіне тең.

2)    Егер дене әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса,онда дене сұйыққа батады.

3)    Егер ауырлық күші архимед күшінен кем,яғни болса,онда дене жүзе бастағанға дейін сұйық бетіне көтеріледі.

 

Дене сұйық бетінде жүзуі кезінде ығыстырылған сұйықтың көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміне тең болады.

Дененің  жүзу шарттары келесідей: егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса,онда дене сұйыққа батып кетеді; егер дененің тығыздығы сұйықтікінен аз болса,онда дене сұйық бетіне көтеріледі; Сұйық пен дененің тығыздықтары бірдей болғанда ,дене сұйық ішінде жүзеді.

 

Денелердің жүзу шарттары тақырыбын оқып, талқылап  ,ортақ шешімге келіп әр жұп постерге, сызады , қорғайды.

 

 

 

 

 

Бір оқушы шығады оқушылар сұрақтар қояды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін бағалайды.

«Шапалақ»әдісі

4.Талдау

 

 

Әр топқа берілетін тапсырмалардың сипаттамасы .Логикалық сұрақтар

1.Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса,оның қысымы температура жоғарлағанда қалай өзгереді?

2.Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма ?

3.Әр түрлі заттан жасалған көлемдері бірдей екі денеге әрекет ететін Архимед күші де бірдей бола ма?

«Басбармақ» әдісі арқылы басқа  бағалайды.

 

5.Жинақтау

1.Архимед занының формуласы

 2. Қысымның формуласы

3. Ауырлық күшінен Архимед күші  үлкен

      болса ?

4. Ауырлық күшінен Архимед күші  кіші 

      болса ?

5.Ауырлық күші Архимед күшіне тең болса 

6.Қысымның өлшем бірлігі?

7.Есеп шығару. Әр топқа жеке тапсырма

Жетондар беру арқылы бағалау

 

 Бағалау

 Жиналған житондарды санау

 

 

Үйге тапсырма

1. «Денелердің жүзу шарттары» 165-167 бет оқу,    сұрақтарға жауап беру

2. Экспериментік тапсырма

3. 24-жаттығу № 3 есеп

 

Рефлексия

 Смайлікке сабақтан алған әсерлерін жазу стикерді ілу

 

 

       

 

Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары

$
0
0

Казангапова Газиза Тыныскызы

Физика пәнінің мұғалімі

Алматы облысы Балқаш ауданы

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО»МКМ

  

9 - сынып        Физика

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары

 Сабақтың мақсаты: Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары жайлы мағлұмат беру.Дыбыстың сипаттамаларын күнделікті тұрмыста және формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.

Сабақтың міндеттері: 1 Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары қасиеттерін  қолдана білу.    

                                      2.Оқушылардың  алған білімдері,ойлау қабілеті мен есеп шығару

                                         дағдыларын қалыптастыру.

  1. Топтық жұмыста өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: кіріспе сұрақтары, миға шабуыл, бағалау сұрақтары.                                       

Сабақтың көрнекілігі:  Ақпараттар А4 форматты қағаз,маркерлер,интерактивті тақта,слайд

Күтілетін нәтиже:        1 Жаңа білімді меңгере отырып ,білімді өз бетімен игеру іскерлігін

                                         қалыптастыру

  1. Есеп шығаруда алған білімдерін қолдана біледі.
  2. Бір-бірімен пікір алмаса отырып, өзара сыйластыққа бейімделеді.

Сабақ жоспары

Кезең

Сабақ бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданған әдіс-тәсілдер

 

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

психологиялық дайындық

1.Сәлемдесу.

2.1,2 сандарды қолдану арқылы топқа бөлу

 

Бір-біріне жақсы өздеріне айтылатын еркелету  сөздерін айтады.

жұпқа бөлінеді.

 

Шаттық шеңбер

От шашу

Білім

5мин

 

Түсіну

10 мин

«Кім жылдам» ойыны

 

 

Жаңа сабаққа байланысты

қызығушылығын ояту

Электронды оқулық

Сұрақтар қою арқылы

Ұй жұмысын қайталау

Сабақтың мақсаты:

І-топ

Дыбыс.Дыбыс қалай таралады?

Адамның есту мүшесі қабылдайтын толқындар жиілігінің диапазондары қандай?

Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?

ІІ-топ

Дыбысты қандай шамалар сипаттады?

Қандай дыбыс музыкалық деп аталады?

Дыбыс қаттылығы,темб дегеніміз не?

Негізгі тон,обертон дегеніміз не?

1.Жеке жұмыс

2.жұптық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Әр топ берілген тапсырманы оқып

Постер қорғайды

Жетон арқылы бағалау

Миға

шабуыл

Оқушы ой пайымын туғызу

 

«Басбармақ»

әдісімен әр топ бір-бірін

бағалайды

«Бағдаршам»

Қолдану

10мин

1.Қызығушылық ояту

2.Ой қозғау

3.Мағынаны ажырату

   мақсат қою

Тақырып мазмұнын ашу, проблемалық сұрақтар қою

1.Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс

 

Допты лақтыру

 

Талдау

10мин

Бекіту

Есеп шығарту

26-жаттығу

№2  №3 №5

1.Жеке жұмыс

Дәптерге жауап беру

Өз-өзін бағалау

Жинақтау

5мин

Қорыту

Сыпайы сөйлеу арқылы жинақтау. Есіңде сақта

Жеке жұмыс.

Жұптық жұмыс

Деңгейлік тапсырма

Бірігіп сурет салу

Бағалау

4 мин

Сабақтың барысындағы

Өзара бағалау

1.Сабаққа оқушының ой түйіні.

2.Бағалау критерий 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: 

Кері әсер парағы: Смайлік     1. Жаңа тақырыпта не түсіндім?

  1. Нені түсінбедім? 3.Бағалау ұнады ма?

Пифагор теоремасы (2-сабағы)

$
0
0

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,

«№19 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

Математика пәнінің мұғалімі

Татаева Каламкас Егинбаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы (2-сабағы)

Мақсаты: 1) Пифагор теоремасын және кері теореманы есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

2) Танымдық, іздемпаздық, пәнге деген ынтасын арттырып, шығармашылыққа баулып, өз бетімен танып білім жетілдіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Сызбалар, сызғыш, циркуль

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау (1.21, 22-теоремалар

және дәлелдемесін сұрау)

 

Есептер шығару.

№127

3 м

5 м

x

C

B

А

Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5 м, ал оның бір катеті 3 м. Екінші катетті табыңдар.

  Шешуі:  Пифагор

теоремасы бойынша

Жауабы: 4 м

 

№129

Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 91 см, диагоналі 109 см болса, оның екінші қабырғасын есептеңдер.

x

91

D

С

В

А

109

  Шешуі:  Пифагор

теоремасы бойынша

  Жауабы: 60 м

 

№132

Ромбының қабырғасы 13 дм, ал оның диагональдарының бірі 10 дм . Екінші

 

диогоналін табыңдар.

 

Шешуі:  ромб,

Табу керек:

 

 

Жауабы: 24 дм

Жаңа сабақты баяндау. Пифагор теоремасы (2-сабағы)

 

1-мысал. АВС тікбұрышты үшбұрышының бір бұрышы , с-гипотенуза, a, b-катеттері, ал a1 және b1 гипотенузаға түсірілген  a мен b катеттерінің проекциялары болса,

         1)  ;                        2)

формулаларының дұрыс болатынын дәлелдейік.

Шешуі:  екені белгілі (Пифагор теоремасының дәлелдемесін қараңдар)  катетінің гипотенузадағы проекциясы  кесіндісі  катетінің проекциясы  кесіндісі болады, сондықтан  немесе , бұдан  ; дәл осылай  немесе , бұдан  дәлелдеу керегі де осы.

         2-мысал. Радиусы 5 см-ге тең шеңбер центрінің бір жағында жататын, ұзындықтары 8 см және 6 см ені параллель хорда жүргізілген. Осы хордалардың арақашықтығын табайық.

Шешуі: АВ және СД хордаларына перпендикуляр OL радиусы жүргіземіз, шеңбердің О центрін С, А, D және B нүктелерімен қосамыз. (радиустар) болғандықтан,  мен  үшбұрыштары теңбүйірлі үшбұрыштар және мен -олардың биіктіктері. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігі оның медианасы да болатыны белгілі. Сондықтан  және .  және  тікбұрышты үшбұрышында , .  үшбұрышынан Пифагор теоремасы бойынша  немесе     болады.

         Ал  үшбұрышынан мынаны аламыз:  немесе      болады, сонда хордалардың арақашықтығы

Жауабы: 1 см

 

         Есептер шығару

№133

АВС тікбұрышты үшбұрыш, , катеттер, гипотенуза;  сәйкес катеттердің гипотенузаға түсірілген проекциялары  1) егер  болса,  неге тең?

 

Шешуі: 1-мысалдағы формулаларды қолданамыз:  және

Пифагор теоремасынан

Жауабы: 7,5 см; 10 см; см

 

№135

1)  деп алып,  және   катеттері бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузаға түсірілген биіктігін табыңдар.

Шешуі:      

Жауабы:

Қорытындылау. Пифагор теоремасы көптеген есептер шығаруда қолданылады. Пифагор теоремасын дәлелдеудің жолдары өте көп. Пифагор жайлы және оның теоремасын дәлелдеу жолдарын өз беттеріңше ізденіп, осы тараудың аяғында қорытынды сабаққа дайындап әкеліңдер.

Үйге: 1, 2 – мысалдарды оқу, № 133(2), 135(2), 139.

Күш

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Күш.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа физикалық шама – күш ұғымы мен оның түрлері және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті тұрғыдан түсіндіру, терең мағұлмат беру.

Білімділік: Оқушылардың жаңа «күш», ұғымы туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білім сапасын, ойлау қабілетін, өз ойларын сөзбен жеткізе отырып дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың күш ұғымын күнделікті өмірімен байланыстыра білуіне және оны жақсы жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ – жауап, есептермен жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, Исак Ньютонның портреті, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Бәріміз біріміз үшін!
  3. Формуланы еске түсірейік
  4. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.
  5. Есептер шығару (жұмыс дәптерінде)

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сабақты бекіту:
  2. Ой ашар
  3. Ойға шабул
  4. Физикалық диктант / жұмыс дәптерінде/
  5. Осы тақырыпқа өлең құрастыру.
  6. Үйге тапсырма.
  7. Қорытындылау.
  8. Оқушылармен амандасу.
  9. 1. Бәріміз біріміз үшін! (Сұраққа жауап ауызша)

 а) Болат шармен ойын добы бір – бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады? Неліктен?

Жауабы: Соқтығысқаннан кейін ойын добы жылдам қозғалады. Өйткені, болат шарға қарағанда оның массасы аз.(кіші)

ә) Үлкен жылдамдықпен келе жатқан машинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды? Бұл қандай құбылыс?

Жауабы: Машина үлкен жылдамдықпен келе жатқанда тежеуішін басса да, ол жылдамдығын сақтап қалуға тырысады. Инерцияның сақталу заңы.

б) Массасы 100г және 1 кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?

Жауабы: Массасы 100г дененің жылдамдығы артады.

в) Бір қалыпты қозғалып келе жатқан арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса, баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме? Осы құбылысты түсіндір.

Жауабы: Түспейді. Себебі бала арбамен бірге лақтырған доппен салыстырғанда орын ауыстырады. Бұл қозғалыстың салыстырмалылығы.

  1. Формуланы еске түсірейік.

    Интерактивті тақтада жұмыс жасату.

  1. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.

    Интерактивті тақтада орындау.

  1. «Сәйкесін тап» ойыны

Жол

m – кг

Жылдамдық

s – м

Уақыт

v – м/с

Масса

t – с

Көлем

Р – кг/м3

Тығыздық

V – m3

4.Есептер шығару (жұмыс дәптерінде).

III. Жаңа сабақтың жоспары

  1. Күш ұғымын беру.
  2. Мақал – мәтелдер.
  3. Мысалдар келтіру.
  4. Тәжірибелер көрсету.
  5. Күш анықтамасын беру.
  6. Күштің өлшем бірлігі.
  7. Ньютонның өмірі.

III. Жаңа сабақ

Мақал – мәтелдер.

«Білегі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады».

«Көптің күші – бірлікте».

                        

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Күш – векторлық шама.

Күш сандық мәнімен /модулімен/ және бағытымен сипатталатын физикалық шама.

Күшті F әріпімен белгілейді

.

Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.

Демек, күштің сан мәні көп те, аз да болуы мүмкін.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.

Күшті F әріпімен белгілейміз.

            

SI жүйесіндегі күш бірлігіне ньютон (H) алынған.

1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қоланылады. 1кН = 1000Н.

  1. Сабақты бектіу

 1.Ой ашар.

      а) Күш дегеніміз не?

      ә) Күш немен сипатталады?

      б) Күштің өлшем бірлігі?

      в) Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?

  1. Ойға шабуыл.
  1. Физикалық диктант (жұмыс дәптерінде)

Күш

Үш

Піш

Іш

 
  1. Осы тақырыпқа өлең құрастыру

Бүгін оқығын тақырыбымыз – 

Шала білсек алатынымыз –                                                        

Он ойланып, жүз толғанып –                                                   

Ең керегін бестік қылып –                                                              

V.Үйге тапсырма:  §25. Күш тақырыбын оқу.

Өзін –өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

Исак Ньютонның өмірінен деректер жинау.

 


Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі. Меншікті кедергі.

$
0
0

 

Сабақтың тақырыбы:   Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі.  Меншікті кедергі.

Сабақтың мақсаты:                     Білімділік мақсаты: Ток күшінің өткізгіш ұштарындағы кернеуге сызықты

                                                            тәуелділігін тағайындау; Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын  тұжырымдау; 

                                                         Өткізгіштің электрлік кедергісі, меншікті кедергі ұғымдарын қалыптастыру.

                                                            Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім                                                                   мазмұнының  тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны   бақылау.

                                                         Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа,              отансүйгіштікке,табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау

Сабақтың көрнекіліктері: үлестірме қағаздар, амперметр, вольтметр, кілт, резистор,кедергі, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын,оқу құралдарын тексеру.

                                             Оқушыларды топқа бөлу

ІІ.Үйтапсырмасынтексеру, қайталау.

Үлестірме №1

 

Атауы

Ток күші

Белгіленуі

          І

Формуласы

I=q/t

Өлшем бірлігі

1 А (ампер)

Шартты белгісі

 

  Өлшейтін құрал

 Амперметр

Тізбекке жалғануы

тізбектей

 

 

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

I=200A
t=60 c
q=?

q=I*t

q=200A*60c=12000 Кл

 

Үлестірме №2

 

Атауы

Кернеу

Белгіленуі

U

Формуласы

U=A/q

Өлшем бірлігі

1 В(вольт)

Шартты белгісі

 

  Өлшейтін құрал

Вольтметр

Тізбекке жалғануы

параллель

Кілт

 

Вольтметр

 

Амперметр

 

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

U=220В
q=7Кл

А-?

A=U*q

А=220*7=1540 Дж

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Токтың әрекетін реттеуге бола ма?

Өткен параграфтарда тізбекте өтетін электр тогын сипаттайтын үш шама — І ток күші, Uкернеу жєне R кедергі қарастырылды. Осы шамалардың арасында белгілі бір байланыс бар. Сол байланысты көрсететін заңдылықты 1827 ж. неміс ғалымГ. Ом  анықтаған, сондықтан оны Ом заңы деп атады.  Кез-келген электр тізбегінде кедергі R және кернеуі U болатын бөлікті алайық.Ом заңы бойынша: Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің кернеуінің кедергіге қатынасына тең.Ом заңы математикалық түрде мына формуламен жазылады:                     (1)

Ом заңы тізбек бөлігінің кедергісі мен кернеуі өзгергенде ток күші қалай өзгеретіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Кедергі өзгермесе ток күші кернеуге тура пропорционал: тізбек бөлігінің ұштарында U кернеу неғұрлым жоғары болса, осы бөліктегі І ток күші соғұрлым көп болады.Кернеуді бірнеше есе арттырып (немесе кемітіп) біз ток күшін сонша есе арттырамыз (немесе кемітеміз).

Осы заңдылықты тәжірибеде көрсетейік. Ток көзінен, шамнан, амперметрден және кілттен тұратын тізбек құрайық. Ток көзі ретінде кернеуін 4—12 В аралығында өзгертуге болатын құрылғы алайық. Әр түрлі кернеуге сєйкес ток күшін өлшеу арқылы токтың шынында да кернеуге пропорционал екендігіне көз жеткізуге болады.

Кернеу тұрақты болса, онда ток күші кедергіге кері пропорционал: тізбек бөлігінің R кедергісі неғұрлым көп болса, ондағы І ток күші соғұрлым аз.

Кедергіні азайтқанда ток күші артады. Егер ток күші осы тізбек үшін шекті мәннен артып кетсе, онда тізбектегі құралдар істен шықса, онда сымдар қызып өрт шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде осы жағдай орын алады.Қысқа тұйықталу деп тізбектің кернеуі бар екі нүктесін кедергісі өте аз қысқа өткізгішпен қосуды айтады. Тогы бар жалаңаштанған өкізгіштербір-біріне тигенде, оларды ұқыпсызжөндегенде, көпшаңжиналғанда жәнеэлектр құралдарыныңішіне жәндіктеркіріпкеткенде де қысқа тұйықталуорыналу мүмкін.  Кедергіні тєжірибе арқылы анықтау әдісі Ом заңына негізделген. (1) формуладан.  Сондықтан тізбек бөлігінің R кедергісін анықтау үшін U мен І ток күшін өлшеп кернеуді ток күшіне бөлу керек. Тізбектегі кедегінің шартты белгісі . Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостат қолданылады.        Егер, керісінше тізбек бµлігінің R кедергісі мен Іток күші белгілі болса, онда Ом заңын қолданып U кернеуді есептеуге болады. (1) формуладан U = IR 

Тізбек бөлігіндегі U кернеуді табу үшін, осы бөліктің І ток күшін R кедергіге көбейту керек.

83-суретте әр түрлі өткізгіштері бар қорап қосылған электр тізбегі көрсетілген. Бұл өткізгіштердің жасалған материалы, ұзындығы және көлденең қима аудандары әр түрлі. Осы өткізгіштерді кезекпен қосып амперметрдің көрсетуін баќылап отырсақ, онда осы бір ток көзі тұғанда ток күші әр жағдайда әр түрлі болатынын көреміз.

R~l Өткізгіштің ұзындығы неше есе ұзарса, тізбектегі ток күші сонша есес кемиді

R~1/S Ұзындықтары бірдей, бірақ қалыңдықтары әр түрлі сым алатын болсақ, біз қалыңдығы артқан сайын, ток күшінің сонша есе артатынын анықтаймыз

R~ρ.Өлшемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан жасалған өткіщгіштерді алатын болсақ, әр түрлі өткізгіштер токқа әр түрлі кері әсер ететінін көреміз. Кері әсер ету ток тасымалдаушылардың зат бөлшектерімен соқтығысуынан пайда болады.

Электр тогына өткізгіштің кері әсерін сипаттайтын физикалық шаманы өткізгіштің электр кедергісі (немесе кедергі) деп атап, R әрпімен белгілейді: R — кедергі.

Кедергі ұғымын физикаға енгізген неміс ғалымы Г. Ом құрметіне ом (Ом) деп аталѓан.

Біртекті, қимасы тұрақты өткізгіштің кедергісі, оның материалына, l ұзындығына және көлденең қимасының S ауданына тәуелді. Кедергі мына формуламен анықталады. Мұндағы ρ — өткізгіш жасалған заттың меншікті кедергісі. Белгілі бір заттан жасалған, ұзындығы мен көлденең қима ауданы бірге тең болатын өткізгіштің кедергісі, сол заттың меншікті кедергісі деп аталатын физикалық шама.

SI жүйесінде кедергі бірлігі 1 Ом · мм2/м немесе 1 Ом · м.

Іс жүзінде жіңішке өткізгіштердің қимасының ауданы көбіне квадрат миллиметрмен (мм2) келтіріледі. Бұл жағдайда меншікті кедергі бірлігін Ом• мм2/м деп алған ыңғайлы.                1 мм2 =0,000001 м2 болғандықтан

1 Ом · мм2/м = 0,000001 Ом · м.

әр түрлі заттардың меншікті кедергілері әр түрлі болады. Кейбір заттардың меншікті кедергілері 3- кестеде келтірілген. Бұл кестеде келтірілген мєндер 20 °С температураѓа сәйкес.

 

Есеп шығару үлгісі

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

S=0.39 мм2=0,39*10-6м2
U=120B
I=4А

ρ=1,05*10-6 Ом*м

l=?

R=ρ*l/S

l=R*S/ρ
R=U/I

R= 120В/4А=30 Oм
l=30Ом*0,39*10-6м2/1,05*10-6 Ом*м=11,14м

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Өткізгіштен 0, 4 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

I=0. 4A
U=8B
R=?

I=U/R
R= U/I

R= 8B /0. 4A=20 Oм

График бойынша өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Қандай кернеуде өткізгіштің бойынан 3А ток өтеді?

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

U=8B

I=2 А
I=3A
R=?
U=?

I=U/R
R= U/I
U= R*I

 

R= 8В/2А=4 Oм

U= 4 Ом*3А =12 В

 

Білдік

Атаулары.

Қандай заң

Ом заңы

Формуласы

 

Физикалық шама

Кедергі, меншікті кедергі

Белгіленуі

R, ρ

Өлшем бірліктері

Ом, Ом*мм2/м

Формуласы

,

жаттығу-1

Бер:

Шешуі:

Есептелуі:

S=1 мм2=10-6м2
l=24,2 м

ρ=4,7*10-7 Ом*м

R-?

R=ρ*l/S

 

R= 4,7*10-7 Ом*м*24,2м /10-6м2= 11,374 Ом

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.

 

ҮІ. Үйге тапсырма: §38,§39. 18 жаттығу 4,5; 19 жаттығу 2,4

Трансформатор.Электр энергиясын өндіру,тасымалдау және пайдалану.

$
0
0

Ақбаева Алмакүл(Айгүл) Садырқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернат

 

 

Физика 

11-сынып

Сабақ тақырыбы:

Трансформатор.Электр энергиясын өндіру,тасымалдау және пайдалану.

Жалпы мақсат:

Трансформатор,электр энергиясын өндіру және жеткізу,

пайдалану  негізгі ұғымдарын   қайталау,трансформатор                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 мен электр энергиясын өндіру мен пайдалану жағдайын білу,жағдайларын түсіну,формулалары бойынша есеп шығара білуге икем-дағыларын қалыптастыру.

Сілтеме:

Электронды оқулық,   11-сынып оқулығы,дидактикалық материал,  интернет көздерінен алған бейнематериал.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

 Негізгі ұғымдарын қайталайды,қасиеттерін түсінеді,

ұқсастығы мен негізгі ұғымдарын айырмашылығын ұғынады,икем-дағылары

қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Оқушылардың  логикалық ойлау дәрежесін арттыру

Сабақта қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтар

Оқулық, АКТ,электронды оқулық,дидактикалық материалдар,

амперметр,трансформатор,ток көзі,лампалар,жүктемелер

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, топтастыру, Венн диаграммасы,ассосация әдісі,диалогтік оқыту, деңгейлік тапсырмалар,практикалық тапсырмалар.

 

Дерек көздері:

Оқулықтағы және дидактикалық материалдағы тақырыпқа сай берілген материалдар,электронды оқулық, ғаламтордан алынған бейнематериал.

 

 

                                                   Тапсырмалар:

 

                     Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

 

Оқушыларда психологиялық ахуал туғызу.

 

Сыныпты   2 топқа бөледі.Әуен қойылады.

Сергіту сәті:Бой мен ойды сергітейік-«Зарядись на успех!»Мұғалімнің арнауы:Абайдың «Болмасаңда ұқсап бақ!»

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

 

Оқушының ой толғауы:«Өмір неткен ғажап!»

 І.Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын сұрау:«Білемісің, сен мұны?»(2 мин)

Проекциялық апарат арқылы интерактивті тақтада сызбалар көрсетіледі:(диалог әдісі)

Сұрақ:

Суретте не бейнеленген?

 Осындай көрініс арқылы

қандай тұжырымға келуге болады?

1.Сұрақтарға жауап береді.

 

2.Сыни ойлауға қалыптасады

 

3.Ойларын жеткізеді

 

4.Ойларын тұжырымдайды.

ІІ.Мағынаны тану

«Ой қозғау»

Жаңа сабақ

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

5-мин

 

Слайд және жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Оқушылардың сабақты терең меңгеруін және түсіну дәрежесін бағалау мақсатында қойылады.

 

Генератордың,трансфор-матордың моделін пай-далана отырып,жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

 

 

  Негізгі ұғымдар мен формулаларға тоқталады,бос жүрісті трансформатор мен жүктемелі трансформатор арасындағы айырмашылық пен ұқсастыққа ой жүгіртеді,ойларын жинақтайды.

 

  

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды

ІІІ.Ой толғаныс

 

10-мин

4-сабақты меңгерту мақсатында оқушыларға тапсырма беру:

Оқулықтағы есептерді шағару,тәжірибе жасау.

 

№1 топ:Қос лампаның

тұтыну шығынын есептеу.

№2 топ:Жүктеменің шығынын есептеу.

1)Оқушылар   деңгейлік есептерді орындайды.

Шыққан қорытындыны ортақ

жауап парағына толтырады

2)Слайд арқылы «Дәстүрлі,дәстүрлі емес энаргия көздері арқылы энергия өндіру»

3)Оқушылар тәжірибе жүзінде жұмыстарын қорғайды.

Тізбектей және паралель жалғағанда лампаның жану деңгейін көрсетеді,бір-бірімен салыстырады.

Бекіту

5-мин

 «Тобықтай ойдың түйіні»

Оқушылардың жаңа сабақта не ұққаны жайлы ой түйіндері.

VI. Бағалау    

  2-мин

Формативті бағалау.

Ишара арқылы(қол шапалақ,ризалық кейіп таныту,ауызша мадақ)

Смайликтер арқылы

ой-тұжырымын жеткізеді.

Топ жетекшісінің бағалауы

Оқушылардың жұмысын смайлик арқылы бағалау

Үйге тапсырма

 1мин

«Электр энергиясын қолдану» тақырыбында

эссе жазу

Күнделікке үй тапсырмасын түсіру

V. Рефлексия  

    2мин

Кері байланыс:

Күн,бұлтты күн,бұлт суреті арқылы оқушылардың сабақты

түсіну дәрежесін анықтау

 

Оқушылар өздерінің алған әсерлері мен көңіл-күйін стикер  арқылы жеткізуі.

       

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық (физика)

$
0
0

 

Назарларыңызға Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша физикадан жинағын ұсынып отырмыз

Жүктеу үшін тіркелуіңіз қажет ТІРКЕЛУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.


Egemen.kz 

Гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызы

$
0
0

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

«Гидравлика» пәнінің оқытушысы

 ЖҰМАБЕКОВ НҰРЛАН ЖҰМАБЕКҰЛЫ 

Тақырыбы: «Гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызы»

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызын түсіндіру, пәнаралық байланыс арқылы білімдерін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: 1. Ұжымда жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, мәдениеттілік пен іскерлік дағдыларға тәрбиелеу.

  1. Өз күшіне сенімділік пен техникаға қабілеттілікті дамыту және өз білімін тереңдетуге тәрбиелеу.
  2. Әділеттілікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа баулу, техникаға деген қызығушылығын арттыру.

в) Дамытушылық: 1. Оқушыларға тақырыпты түсіндіру кезінде ой-өрісін арттырып қабілетін дамыту, берілген тапсырманы орындауға баулу.

  1. Көрнекі құралдармен өз бетінше жұмыс істеуге, топпен қарым-қатынасын жақсарту және интерактивті тақтада, стимуляторда жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Модульдік оқыту технологиясы

Оқыту әдісі: Интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндау

Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер, диагностикалық құрал, қалам гидравликалық прибор.

Сабақтың құрылымы.

1.Ұйымдастыру сәті.

2.Өткен тақырып бойынша оқыушылардың білімін тексеру:

1) Газдандыру процесі дегеніміз не?

2) Битуминоздандану және күлдену дегеніміз не?

3) Механикалық мықтылық пен көлемдік массаны түсіндір.

4) Термодинамика ғылымы қай ғасырда пайда болды және неше бөлімнен тұрады?

5) Бірігу қасиеті мен жану алқабы дегеніміз не?

3.Үй тапсырмасы бойынша түсінбеген сұрақтарға жауап беру:

4.Жаңа тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

Әр түрлі сұйықтардың табиғи жағдайы мен олардың қолдану шараларын қарастырған кезде қозғалу заңдылығымен қоса сұйықтың күш әсері мен жер бетіне немесе басқа заттардың бетіне тигізетін механикалық әсерін зерттейді. Осындай күрделі мәселелерді зерттеу кезінде бұл ілім ғылым ретінде қалыптасты да, оны гидромеханика гидравлика деп атайды.

5.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Гидравлика деген сөз гректің су және құбырша деген сөзінен шыққан. Гидравлика әр түрлі сұйықтың тепе-теңдік жағдайы мен оның қозғалу (ағу) заңдылығын зерттейді де, осы заңның практикада түрлі инженерлік-техникалық есептеулер кезінде қолдану тәсілдерін береді. Гидравлика мынадай негізгі бөлімдерден тұрады: гидростатика, кинематика және гидродинамика.

Гидростатика сұйықтың тыныштықта тұрғандағы тепетеңдігі мен қатты дененің сұйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді.

Кинематика сұйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді.

Гидродинамика сұйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш әсерімен бірге зерттейді.

Гидравлика мына пәндермен тығыз байланысты: физика, жоғарғы математика, теориялық механика, материалдар кедергісі ғылымдары, сонымен қатар сұйықтың ғылымы турбина жобалаудың, сұйық сорғыштың, басқа да гидравликалық машиналардың, сумен қамтамасыз етудің, жер суландырудың және жер құрғату сияқты ғылым салаларының негізгі базасы болады. Барлық техника саласында гидравликалық қондырғылар пайдаланылады, олар да осы гидравлика заңын қолданады.

Гидравликаның зерттеу объектісі — сұйық, табиғатта сұйықтың 4 агрегатты күйі қатты, сұйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйықтың негізгі қасиеттеріне өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде, қатты дене қасиетінде болатындығын (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айналатындығын (бу) жатқызуға болады.

Сұйық дегеніміз - физикалық дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар. Сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.

Сұйық қозғалысының заңдылығын зерттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялды) және реалды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.

Идеалды (қиялды) - тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.

Реалды (нақтылы) - тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сұйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.

  1. Сабақты қорытындылау: Оқытушы өтілген тақырып сұрақтарын қамту, қойыл-ған сұрақтарға жауап бере отырып қортындылау, бағаларын хабарлау.

а) Гидравлика нені зерттейді, қай елдің сөзінен шыққан?

б) Гидравлика қандай негізгі бөлімдерден тұрады?

в) Гидравлика қандай пәндермен тығыз байланысты?

г) Сұйық дегеніміз не, жалпы нешеге бөлінеді?

д) Идеалды сұйық пен реалды сұйықтың айырмашылығы.

 

Физика сабағында оқытудың инновациялық техникалық құралдарды пайдалану

$
0
0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы

«Қызылтаң» жалпы орта мектебі

 

КІРІСПЕ

 

     Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. ОТҚ-ын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.

     Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі білім сапасына әсері зор;

Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

     Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушынын, өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.

 

Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру

 

Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік технологиялармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталып, интернет, электрондық оқулық және т.б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу аркылы - 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

«ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ - ОҚУШЫНЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ»

$
0
0

«ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ - ОҚУШЫНЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ»

 

Мусабекова Рабига Исматовна

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша

ПҚ БАИ» филиалы

Тараз қ., Қазақстан Республикасы

Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық – оқушы және оның жеке  тұлғасы. Жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби білімін шыңдауға бағытталған білім жүйелі түрде беріледі. Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Педагогика  ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені, қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы  оқытудың деңгейлік жүйесі  оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі  таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының  жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі  бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке  тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік–теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік–психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты  жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

 Қазіргі  базалық білім беру–жеткілікті  білімнің төменгі шегі. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында  деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында білімге  жетеді.

 Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды. Оқушының білімді меңгеру сатысы: бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. 1.Оқушылық деңгей; 2. Алгоритмдік;  3. Эвристикалық; 4. Шығармашылық.  Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын өзі басқара білетіні, зейіннің тұрақтылығы, ойлауы дамитыны байқалады. Бірінші денгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді. Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының  жас ерекшеліктеріне сай болады. Міндетті бірінші деңгейдегі тапсырмаларға: жаттап алуға лайықталған болуы керек, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы шарт. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

  Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығының айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді  жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Алгоритмдік екінші деңгейлі тапсырмаларға: өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар яғни, логикалық есептер, ребустар мен сөз жұмбақтар жатады.    

  Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Үшінші деңгей  дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Эвристикалық, үшінші деңгейлік тапсырмаларға: ізденетін тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс яғни, анализ, синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептерді шығару, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Сонымен қатар өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өз бетінше шығару, өмірден алынған мәліметтерді пайдаланып диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмаларды орындайды.

 Шығармашылық–өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеретін төртінші деңгейде: өз бетінше тапсырма беру яғни, тарихи, логикалық есептер оқушылар түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұрын-соңды болмаған тапсырманы орындайды, мысалы, теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорыту, олимпиада есептерін шығару, тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау. Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар жазып қорғау шығармашылық деңгей тапсырмаларына жатады. Осы айтылғандарды ескере отырып, оқушыларды физиканы оқуға ынталандыратын және физикалық қабілетін дамытатын тарихи есептерді пайдалану арқылы деңгейлік тапсырмалар орындап шығармашылық білім сапасын арттыруға болады. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:

  1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.
  2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгей қарастырылады
  4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болады

Пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек. Адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына дарыту үшін өзімнің педагогикалық шеберлігімді дамыту арқылы, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім технологиясын пайдалана отырып заман талабына сай білім беру және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттырады. Қазіргі кезеңде оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені белгілі. Осындай тұрғыда тақырыпқа сәйкес жылдық жоспар жасалған. Физиканың қыр–сырын оқушылардың танып-білу, іздену іс-әрекеттерін меңгерту мақсатында жүйелі түрде деңгейлеп берген білім тиімді. Физика пәнін оқытуда теориялық біліммен қатар жүйелі түрде талдау дағдылары мен оқу материалын оқушыларға ғылыми негізде меңгерту қажет. Физика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруда әр баланың білім деңгейі мен машығын басты назарда ұстап, әрі тақырыптың басты нысанын бүгінгі күнмен байланыстыра жүргізу, оқушының өзіндік көзқарасын білдіруге, өзінің, өзгенің жауабына сыни, ғылыми-теориялық негізде қарап, талдауға, бағалай білуге жетелеуі сабақтың қызықты да мазмұнды өтуіне жағдай жасайды. Дайын білімді қайталап айта беруге емес, оны өз белсенділіктерімен алуға, өзіндік қорытынды жасауға, оқушылар өз беттерімен анализ, синтез жасауға, баға беруге талпынып, бір-бірімен ынтымақтастықта, пікірлерін айтуға, қорғай білуге үйренеді. Оқушылардың әр түрлі дайындық деңгейі мен түрлі ынтасын, білімді қабылдай білу дәрежесін саралай келе, проблемалық жағдай туғызу, миға шабуыл, болжам жасау, оны дәлелдеу сияқты шығармашылыққа жетелейтін тапсырмаларды үздіксіз қолданып қана қоймай, ондай тапсырмалардың дамытушылық дәрежесін де көтеру қажет. Балалардың дарындылығын анықтап, дамыту, ең алдымен зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға ғана тән дәстүрлі мінез-құлық болып саналады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады. Оқушының физика пәнінен алған білімдерін іс жүзінде қалай пайдалануға болатынын түсіндіру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау, оқушының кез-келген жаңалыққа құштарлығы белгілі, ендеше жаңа материалдың ерекшелігі мен қасиеттерін айтып бергеннен гөрі оқушының өздігінен игеруіне логикалық негіз жасайтын тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмалары беріледі. Оқушылар нақты алған білімдерін сыни тұрғыдан қорытындылай білуге үйренеді. Жаңа білімді игергеннен кейін үйрену процесінде бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырады. Сабақты түрлендіріп жүргізуде жеті модульді кіріктірудің маңызы зор. Топтық ойын сабақта ыстық орындық, джиксо әдісі, миға шабуыл, қонаққа бару, іс-әрекетті зерттеу, Lesson study үдерісін жұппен жұмыс, досқа көмек әдістері қолданылады. Сабақ түрлерін әртүрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер ететіндігін, зор ықпал жасайтындығына көз жеткізу қажет. Жаңа мазмұнда ұйымдастырылған сабақтарда баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуден тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау қиын емес.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. “Физика” журналы №4, 2009
  3. Қараев Ж.А. «Деңгейлеп оқыту технологиясы»
  1. . Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.
  1. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2008

Сұйық, газ, қатты денелердегі қысым

$
0
0

Сұйық, газ, қатты денелердегі қысым

Мақсаты

Білімділік: Сұйық, газ, қатты денелердегі қысым тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру

  Дамытушылық:  Талап бойынша практикалық жұмыстарды орындау,  есеп шартына сай формулаларды түрлендіру, разрядпен, өлшем бірліктермен жұмыс дағдыларын дамыту

Тәрбиелік:Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа ,жинақтылыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа баулу.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.


Механикадығы күштер. Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

$
0
0
  1. Сабақтың тақырыбы: Механикадығы күштер. Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денелердің ерекше бір механикалық қасиеттерінің бірі бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып ,

өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге  бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: білімді жүйелеу, жинақтау, сұрақ-жауап, есеп шығару

Көрнекілігі: суреттер, слайд, таратпа кестелер

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, информатика

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру (Галереяны шарлау)
  3. Жаңа сабақты түсіндіру(Сен білесің бе?)
  4. Бекіту (Кім жүйрік)

           (Ой толғаныс)

  1. Үйге тапсырма беру
  2. Бағалау
  3. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сынып бөлмесінің, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақтың мақсатын қою.
  4. Үй тапсырмасын тексеру (Галереяны шарлау). Оқушылар қане ортаға келейік, біздер қазір мына сыныбымызды галерея деп есептеп осы галереямызды шарлап шығайық. Не байқап тұрсыздар, дұрыс түрлі түсті қағаздарды байқадыңыздар. Олай болса, осы карточкалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығайық.

- Дененің массасы дегеніміз не? (күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің  сандық сипаттамасы масса деп аталады)

- Ньютонның бірінші заңы (егер денеге басқа бір денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды не бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын жалғасытарды)

- Ауырлық күшінің өрнегі (F=mg)

- Ньютонның екінші заңының өрнегі (F=mа)

- Ньютонның екінші заңының тұжырымдамасы (денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал)

- Ньютонның үшінші заңын тұжырымда (әрекет етуші күшке  әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады)

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Ғарыш әлеміне саяхат

$
0
0

Ғарыш әлеміне саяхат

Мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту.

Көрнекілігі: Компьютер, слайд, ғарыш кемелері.

Өтілу барысы

І. Ұйымдастыру;

ІІ. «Ғарыш әлеміне саяхат»

1-Табалдырық аялдамасы «Жер»

2-Әудемжер аялдамасы «Юпитер»

3-Қозыкөш аялдамасы «Сатурн»

4-Беласар аялдамасы «Уран»

5-Шарықтау аялдамасы «Плутон»

ІІІ. Қорытындылау.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау

$
0
0

«Шахтинс қаласы әкімдігінің №9 жалпы білім беру мектебі» КММ

Жұмысты орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Айкенова Жанна Канатовна

 

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Білімділік: таразы көмегімен дененің массасын анықтауды үйрету. Заттың тығыздығын, массасын, көлемін анықтауда оқушылардың алған білімдерін нақтылау.

Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау арқылы, экспериментке деген қызығушылын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың топ болып жұмыс атқаруын, ойларын тұжырымдап, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. 3. Жұмыстың барысы

1.Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталатын денені алыңдар. Параллелипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан кейін оның көлемін V=abc есептеңдер;

2.Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу  және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірбие реті

Тығыздығы анықталатын дене

Дене массасы,г

Дененің көлемі,см3

Тығыздық

г/см3

кг/м3

1

болат

23,2

3

7,73

7730

2

тығын

2,83

12,5

0,23

230

Есептеу:

1.болат  

  • 1000= 7730 кг/м3    

2.тығын

  • 1000= 230 кг/м3

   Бөлік құны , m=±0.1г. 

1.болат

2.тығын

Абсолюттік өлшеу қателігі:

1.болат

2.тығын

Сонымен, болаттың тығыздығы: , тығынның тығыздығы

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: §10, 60 бет. 5-кесте.231бет

 

Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау

$
0
0

«Шахтинс қаласы әкімдігінің №9 жалпы білім беру мектебі» КММ

Жұмысты орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Айкенова Жанна Канатовна

 

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Білімділік: таразы көмегімен дененің массасын анықтауды үйрету. Заттың тығыздығын, массасын, көлемін анықтауда оқушылардың алған білімдерін нақтылау.

Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау арқылы, экспериментке деген қызығушылын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың топ болып жұмыс атқаруын, ойларын тұжырымдап, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. 3. Жұмыстың барысы

1.Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталатын денені алыңдар. Параллелипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан кейін оның көлемін V=abc есептеңдер;

2.Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу  және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірбие реті

Тығыздығы анықталатын дене

Дене массасы,г

Дененің көлемі,см3

Тығыздық

г/см3

кг/м3

1

болат

23,2

3

7,73

7730

2

тығын

2,83

12,5

0,23

230

Есептеу:

1.болат  

  • 1000= 7730 кг/м3    

2.тығын

  • 1000= 230 кг/м3

   Бөлік құны , m=±0.1г. 

1.болат

2.тығын

Абсолюттік өлшеу қателігі:

1.болат

2.тығын

Сонымен, болаттың тығыздығы: , тығынның тығыздығы

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: §10, 60 бет. 5-кесте.231бет

 

Физикалық және химиялық құбылыстар.

$
0
0

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №109 орта мектебінің

 химия пәнінің мұғалімі Әбуова Венера Сайлаубекқызы

 

Сабақтың   тақырыбы:   Физикалық  және  химиялық  құбылыстар.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:   Оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Табиғатта жүретін физикалық және химиялық құбылыстардың өзара байланысы, олардың қаншалықты маңызды  екендігін түсіндіру.

 Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:   Слайдтар , электронды оқулық (8 сынып химия ), реактивтер,  тірек-сызбалар,  көрме.

Сабақтың түрі:  топтық  сабақ

Пәнаралық байланыс: физика, биология,  география, дүниетану .

Сабақтың  барысы:  І.Ұйымдастыру:  Оқушыларды  түгендеу.    Топ  таңдау  әдісі  бойынша  :   1.Атом  тобы

  1.     Молекула  тобын  таңдайды.

ІІ.  Қызығушылықты  ояту  (Мотивация):  

«Қызық  думан  өміріміз  ғаламат,

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.

Қыруар  істің қайсысында  болса да,

Құдіретті   химия  жүр  аралап».

ІІІ.Миға  шабуыл.  Үй тапсырмасын тексеру:

“Сұрақ-менен, жауап -сізден”:

  1. Қоспа деп  нені  айтады?  Мысалдар  келтіріңдер?
  2. Біртекті қоспа мен  әртекті  қоспаның  айырмашылығы?
  3. Таза заттарды  қалай  алады?
  4. Құдықтан шелекпен  іліп  алған  су  лай  болса,  оны  қалай  тазартасыңдар?
  5. Сүзінді дегеніміз  не?
  6. Темір , күкірт және  олардың  қоспасының  бөлінуі,    тәжірибе  жасап  дәлелде?
  7. Лай суды  тұндыру  арқылы  құмнан  қалай  тазартамыз?
  8. Ас тұзы  ерітіндісін  сүзу  арқылы  ерімейтін  қоспадан  қалай  тазартамыз?
  9. Темір мен ағаш  үгінділерін  тұндыру  арқылы  қалай  бөліп  аламыз?
  10. Қоспалар неше түрге  бөлінеді?

ІҮ. Мағынаны  тану (Жаңа  ақпарат):

Ж О С П А Р Ы :

1.Құбылыстар.

 2.Физикалық құбылыс.

 3.Химиялық құбылыс.

 4.Физикалық және химиялық құбылыстардың         тұрмыстағы, шаруашылықтағы маңызы.айырмашылығы.

5.Физикалық және химиялық құбылыстардың            

Жаңа сабақты бастауға сұрақ ?

  1. Дене мен заттардың айырмашылығы ?
  2. Дене мен заттар қандай өзгерістерге ұшырайды ?

Құбылыстар:  1.Физикалық

                          2.Химиялық.

Физикалық  құбылыс-  Құбылыстарда  дене  ретіндегі  агрегаттық  күйі ғана өзгеріске  ұшырап, ал  зат  ретіндегі  табиғаты  ешбір өзгеріссіз  құбылыстарды   айтамыз.

(Судың  булануы мен қатуына мысал келтіру).

Химиялық  құбылыс-  бастапқы алынған заттың табиғаты өзгеріп, жаңа заттар түзілетін құбылысты айтамыз.Химиялық құбылыс –химиялық реакция.

  • Электрондық оқулықпен жұмыс .
  • Химиялық құбылыстардың тұрмыстағы, шаруашылықтағы маңызы.
  • Физикалық  және химиялық құбылыстардың  айырмашылығы :

  Физикалық және химиялық құбылысты бір ғана денені алып, оны өзгеріске ұшыратып көрейік:

  1. Мыс сымды балғамен ұрып жаншиық. Сымның  сырт пішіні өзгеріп, бірақ мыс металының заты өзгермейді. Бұл  физикалық  құбылысқа  жатады.                                                
  2. Мыс сымды қыздырайық. Мыс сымның беті күңгірттеніп,қара түсті қақпен қаптала бастайды. Металға тән жылтыры жойылады. Демек, мыс ауадағы оттекпен қосылып жаңа затқа айналады.Бұл  химиялық  құбылыс.

Ү. Ой  толғаныс (Рефлекция):

1) Деңгейлік тапсырмалар:

  1.Өздерің білетін физикалық құбылыстарды ата,

 мысал келтіріңдер.

  1. Күнделікті тұрмыста және табиғатта қандай

химиялық құбылыстар кездеседі? Мысалдар келтіріңдер.

  1. Физикалық және химиялақ құбылыстардың

 бір-бірінен басты   айырмашылығы неде?

  1. ”Химиялық реакция” деген ұғымды

қалай түсінесіңдер?

2)  Оқулықпен  жұмыс (Жаттығулар  орындау).

ҮІ. Сабақты  қорытындылау:

Санаға салып ойла,

Денсаулықты жойма.

Химиялық элементсіз,

Тіршілік жоқ байқа.

ҮІІ. Оқушыларды  бағалау (Бағалау  парағы  арқылы).

ҮІІІ. Үйге  тапсырма:

Тақырыпты  оқуға,   Күнделікті  көріп  жүрген  құбылыстарды  еске  түсіре  отырып  физикалық  және  химиялық  құбылысқа  мысал  келтіріп, оның  тұрмыстағы  маңызын  сипаттау. 

Viewing all 254 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>