Quantcast
Channel: Физика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Астрономдар басқа жерде тіршілік қашан табылатынын айтты

$
0
0

НАСА ғалымдары жерден басқа ғаламшарларда тіршілік қашан табылуы мүмкін екені туралы болжамдарын жария етті. Бұл туралы Калифорния технологиялық институты Реактивті қозғалыс зертханасының сайтында хабарланды деп жазады РИА Новости.

Ғалымдардың есебі бойынша, алдағы онжылдықтар ішінде тіршілігі бар планета табылады.

«Меніңше, 20 жылдан кейін біз негізгі кандидатты табамыз» деді Годдард ғарыштық зерттеулер институты қызметкері Тони дель Генио. Оның сөзіне қарағанда, Жер шарынан басқа жерлерден организмдерді іздеуге шықпас бұрын ғалымдар қай планеталарда климат тіршілікке қолайлы екенін түсінуге тырысады. Ол үшін НАСА Жердегі климаттың өзгерісін болжау үшін қолданылатын климаттық модельдерді пайдаланады.

Тони дель Генио басқа жерлерде тіршілік біздегіден мүлдем басқа формаларда және орталарда болуы мүмкін екенін айтады. Алайда, әзірге ғалымдар басқа жақтан өмір іздегенде бізге таныс тіршілік формаларын негізге алуға мәжбүр.

Әйтсе де зерттеуге қатысушы НАСА қызметкерлерінің барлығы басқа планеталық тіршілік иелері бар екеніне сенімді. Реактивті қозғалыс зертханасы қызметкері Ренью Ху бұл істе бір сәті түскен жағдай бәрін шешіп кетуі мүмкін екенін айтады. Алайда, тіршілікке қолайлы климаты бар планета табу көп нәрсеге байланысты. Оның ішінде планета Жерге жақын ба, көлемі және орбитасы ыңғайлы ма, ғалымдар тіршілік іздерін байқай ала ма деген сияқты көптеген мәселелер бар.

Калифорниядағы Эймс зерттеу орталығы қызметкері Эндрю Рашбидің пікіріне қарағанда, Жерден басқа тіршілік Күн жүйесінің өзінде де болуы мүмкін. Ең басты кандидаттар ретінде ол Юпитердің серігі Европа мен Сатурн серігі Энцеладты атады. Бұл аспан денелерін толықтай мұз жауып жатыр, алайда ғалымдар ол мұздың астында су мұхиттары бар екенін білді.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>