Quantcast
Channel: Физика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Физика 7 сынып. Зертханалық жұмыс №7

$
0
0

7-сынып

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.

Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.

1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

  1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;
  2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
  3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.

  • тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;
  • көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;
  • білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;
  • білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.

Жұмыстың барысы.

 Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:

η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2·100%

ПӘК-ін табу үшін:

  1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;
  2. Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,
  3. Көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;
  4. Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:

 

реті

Көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н)

Ауырлық күші, F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А22 (Дж)

Көлбеу жазықтық

тың ұзындығы, ℓ(м)

Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h

(м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,

А1=F1h.

 

ПӘК

(%)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>