7-сынып.
Сабақ тақырыбы:
«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау.
Сабақ мақсаты:
- Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: сайыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
«Кім жылдам?»
Берілетін сұрақтар:
І топ.
Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
- Физиканың негізгі мақсаты?
- Болжам дегеніміз не?
- Броундық қозғалыс дегеніміз не?
- Физикалық шамаларды атаңдар.
- Астрофизика нені зерттейді?
- Космология нені зерттейді?
- Айға табан тіреген астроновтар.
ІІ топ сұрақтары:
- Астрономия нені зерттейді?
- Физикалық теорияларды атаңдар.
- Галактика дегеніміз не?
- Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары.
- Космогония нені зерттейді?
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.
- Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
- ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты 4 жетістігін атаңдар.
Есептер шығару.
Екі топтан екі бала шығады.
- Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.
І топ ІІ топ
- Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.
0,00000125; 1200000000;
0, 00000045; 0,002;
14500000000; 0,0000005
- Минитест.
І нұсқа
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?
А. Ұшақ
В. Дыбыс
С. Метр
Д. Қайнау
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?
А. Ұшақ
В. Жылдамдық
С. Алюминий
Д. Жер
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?
А. Күш
В. Булану
С. Мыс
Д. Таразы
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың өлшем бірлігіне жатады?
А. Ұзындық
В. Килограмм
С. Уақыт
Д. Сызғыш
- ХБЖ –де ұзындықтың өлем бірлігі қандай?
А. Метр
В.Километр
С. Сантиметр
Д.Дециметр
ІІ нұсқа
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?
А. Автомобиль
В. Ұзындық
С. Масса
Д. Қозғалыс
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?
А. Уақыт
В. Темір
С.Метр
Д. Қайнау
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?
А. Күш
В. Кемпірқосақ
С. Атом
Д. Сағат
- Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың өлшем бірлігіне жатады?
А. Ұзындық
В. Секунд
С. Уақыт
Д. Балқу
- ХБЖ –де уақыттың өлшем бірлігі қандай? А. Минут
В.Жыл
Д. Секунд
С. Сағат
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма: қайталау
VІІІ. Бағалау.