7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §4,§5,§6. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер алуға жағдай жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
- Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
- Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
- Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
- Физикаың мақсаты не?
- Физика заңдары қалай ашылады?
- Физикалық теориялар қалай жасалады?
- Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
- ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?
10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.
«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.
Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.
Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.
Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.
Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.
Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.
ІV. Пысықтау.
1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?
- Астрономия ғылымы нені зерттейді?
- Астрономияның қандай салалары бар?
- Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?
- Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?
- Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.
- Бағалау.