Quantcast
Channel: Физика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

$
0
0

      

   Сынып 8

       Тақырыбы:   Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу

                                     сыйымдылығы.

 

Сабақтың мақсаты:

 

а) білімділігі: 

                          Жылу беруде ішкі энергияның сандық өлшемі, мөлшері бола

                          алатындығын, жылу мөлшері заттың табиғатына, дененің массасына

                          және оның температурасының өзгерісіне байланыстылығын

                   түсіндіре отырып, физикалық шамаларды оқушы санасына бекіту,

                   білімдерін нақтылау.

 

ә) дамытушылығы:

                          Ішкі энергияның өзгерісін анықтауда оқушының байқағыштық,

                          танымдық, қырағылық және есте сақтау қабілеттерін,  теориялық    

                          білімі мен физикалық тілін дамыту.

 

б) тәрбиелігі:

                         Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке баулу және жылу алмасудың адамзат 

                  өмірінде физикалық құбылыс ретінде атқаратын ролін ашып беру.

 

Сабақтың типі:                          аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс – тәсілі:             сатылай кешенді талдау     

                                  технологиясы және үш өлшемді                                                        әдістемелік жүйе технологиясы.

  

Сабақтың көрнекіліктері:      үлестірмелі кестелер, плакаттар,                                                     

Сабақтың құрылымы:

  • Ұйымдастыру.
  • Үй тапсырмасын сұрау.
  • Білімдерін тексеру (деңгейлік тапсырмалар).
  • Жаңа сабаққа
  • Түсінгенін тексеру.
  • Бекіту.
  • Үйге тапсырма беру.

 

.

А – тобы

Б – тобы

С – тобы

 

 

1 кДж =     Дж

1 Дж  =      кДж

1 МДж =   Дж

1 Дж =       МДж

3 кДж =     Дж

5 МДж =   Дж

О°С =        К

100°С  =    К

О К  =       °С

 1 л  =        м3

р=              кг/м3

m=V    кг

Массасы 1 кг болат 1°С –қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі?

Адам массасы 200 г, температурасы 46,5°С стакан шай ішкенде қандай жылу мөлшерін алады? Адам денесінің температурасы 36,5°С.

Массасы 2 кг болат 1°С-қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі?

Массасы қандай суды 10°С – 60°С қа дейін қыздыруға болады? Егер оған 210 кДж жылу берілсе.

Массасы 4 кг болат 2°С-қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі?

Массасы 100 кг су қоршаған ортаға 8400 кДж жылу мөлшерін бере отырып, қанша градусқа суынған? (Кельвинмен өрнекте)

 

Бекіту сұрақтары:

 

 

  • Жылу мөлшері дегеніміз не?
  • Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысал келтіріңдер.
  • Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
  • Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі не?
  • Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж / кг°C – қа тең. Бұл   

      нені білдіреді?

       6)1 – кестеден меншікті жылу сыйымдылықтары ең жоғары және ең   

      төменгі болатын заттарды атаңдар.  Олардың жылу  

      сыйымдылықтарының неше есе айырмашылығы бар?

 

үйге тапсырма


Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>