Quantcast
Channel: Физика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Ядроның байланыс энергиясы

$
0
0

Сыныбы:     9

Күні: 13.03.17                                                       

Сабақтың тақырыбы

§57. Ядроның байланыс энергиясы

Мақсаты

Ø  Ядроның байланыс энергиясы жайлы мағлұмат беру

Ø  Ядроның байланыс энергиясынның формуласын есептер шығаруда қолдана  білуге үйрету

Ø  Топта  бағалауға  баулу    

Күтілетін нәтижелер

 

 

Ø  Ядроның байланыс энергиясы жайлы мағлұмат алады

Ø  Ядроның байланыс энергиясынның формуласын есептер шығаруда қолдана  білуге үйренеді

Ø  Топта  бағалай алатын болады

Керекті жабдықтар

оқулық,  ресурс парақтары,  жұмыс дәптері, АКТ интернет желісі, бағалау парақтары.

Әдіс – тәсілдер

«Сұрақты ұстап ал», «Ойлан. Жұптас.Бөліс»,  «Екі жұлдыз »   

Негізгі  идеялар

Жеке бөлшектр бірігіп ядроны құрағанда, пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.

 

Eб= ∆mc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·c2=(Z·MH+N·mn- Ма)·c2

Eб= ∆m·931,5 МэВ=(Z·mp+N·mn- Мя)·931,5МэВ

∆m – ядроның масса ақауы

Ядроны жеке нуклондарға толық ыдыратуға жұмсалатын энергияны байланыс энергиясы деп аталады.

Бір нуклонға келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды:

А-ядродағы нуклондар саны.

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Миға шабуыл

10 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Оқушыларды

3- топқа бөлу.  Үй тапсырмасы сұрау

«Сұрақты ұстап ал»

 А) «Кім  көп  біледі»

  1. Атом  құрылысының  «планетарлық»   моделін  ұсынған  ғалым  кім? Қай  жылы?                         

  (Ағылшын ғалымы  Э.Резерфорд,  1911 жылы)

  1. Атомның құрылысын  кім  айтып  береді?   (Атомның  центрінде  ядро  орналасқан,            

электрондар  ядро  айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады.)

3. Нуклон  дегеніміз не?           (Протон мен нейтронның  жалпы  санын  нуклон  дейміз.)

4. Электрон  қалай  белгіленеді? Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?   ( -10е,  mе= 9,1*10-31кг)

5. Изотоп  дегеніміз не?          (Z=Z,  A≠A)

6. Нейтрон   қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?  (01n , mn= 1,6749 *10-27кг)

7. Массалық сан  дегеніміз не? Қалай  белгіленеді, формуласы  қандай?             (А= Z+N)

8. Протон  қалай белгіленеді?  Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?   (11р ,  mp=1,6726 *10-27кг)

9. Масса ақауы дегеніміз не? (жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерпден құралған ядро массасын алып тастасақ, қалған ΔM қалдық ядро)

 

Б) «Сәйкесін тап» ойыны

Берілген сұрақтардың жауаптарының орны ауысқан сәйкес жауабын табу

 

 

Мұғаліммен амандасады.  Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады. Топтарға бөлінеді.  Үй тапсырмасын қайталайды .

Мағынаны тану        

15 мин

Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.

Жаңа тақырыпты талқылау үшін 

«Ойлан. Жұптас.Бөліс» арқылы түсінеді, талдайды.

 

 

АКТ-ны пайдалана отырып, тақырыпты  түсініп, талдайды.

 

Ой қозғау

15мин

1.АКТ-ны қолдана отырып, әр топ берілген тапсырмамен танысады.

2. Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді берілген тест тапсырмаларына жауап береді                                   Тест  тапсырмалары         (жеке жұмыс)

1.Ядродағы нуклондарды  ыдырап кетуден  сақтап,  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін күштер

А)  Гравитациялық күштер;   В) Ядролық  күштер;   С) Магниттік  күштер;

2.Массалар  ақауын  есептейтін  формула

А) ΔM=Z*mp + N*mn –Mя;     В) ΔM=Z(mp -mn) –Mя;  

          С) ΔM=(А-Z)*(mp + mn) –Mя;    

3.Байланыс энергиясының формуласы:

А) Еб= ΔM*c2;                 В) Ем.б= Еб/А ;              С) Е=hν;

4.Меншікті байланыс энергиясының формуласы:

А)  Е= hν;                     В)  Еб= ΔM*c2;             С) Ем.б= Еб/А ;

5.Киелі сандарға жататындар:

А) 1; 10;  25;                    В) 3; 15;100;                 С) 2; 8; 20;

6.Қосарланған киелі санды  ядролар:

 А)  2He4; 8O16, 20Ca40;       В) 3Li7, 4Be9, 26Fe56;     С) 11Na23, 29Cu64, 47Ag108;

                             

                                      

 

 

 

 

 

                                                     Деңгейлік тапсырмалар

 

Деңгейі

 

Тапсырмасы

Жауабы

 

І

 

Натрий  11Na23 ядросының құрамы қандай?

Z=11

N=12.   A=23

 

ІІ

 

Оттек  8О16 ядросының  байланыс энергиясын табыңдар.

124 МэВ

 

ІІІ

 

Бериллий   4Ве8     ядросының   меншікті  байланыс энергиясын  табыңдар.

Еб=55МэВ

Ем.б=7МэВ

 

 

 

Белгісіз  шаманы  табу

А

(Массалық сан)

Еб

 (Байланыс энергиясы)

Ем.б

(Меншікті байланыс энергиясы

13

97,11 МэВ

7,47 МэВ/нуклон

2

2,23 МэВ

1,115 МэВ/нуклон

238

1801,6 МэВ

7,57 МэВ/нуклон

      

 

Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді. Берілген есептерді орындарынан шығарып,тактада орындайды.

Топтық жұмыс. Жеке жұмыс

Үйге тапсырма

 1 мин

 

Үй  тапсырмасын тақтаға  жазады

Үй  тапсырмасын күнделікке жазады.

§ 57 оқу

45.1-45.3 есептерді шығару

 

Бағалау 3мин

 

Өзін-өзі бағалау парағы.

өзін-өзі және өзара бағалау

Кері байланыс

1 мин

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

Стикерге 2 жұлдыз, 1 ұсыныс жазады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 254

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>