Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 1
деңгей физика пәнінің мұғалімі Тлебаева Куляш Алдабергеновна
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты |
§ 8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар |
Сілтеме |
Жоспар |
Жалпы мақсаты |
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат беру Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Өзін-өзі бағалауға баулу |
Күтілетін нәтиже |
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат алады Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады |
Негізгі идеялар |
Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі. Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Өлшем бірлігі
|
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс «Жигсо» |
Тапсырмалар |
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» |
Тапсырмалар |
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Траектория неше түрге бөлінеді?
- Қисық сызықты қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Машина доңғалағының траекториясы қандай қозғалысқа жатады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Жылдамдық дегеніміз не?
- Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Бұрыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ |
Бағалау өлшемдері |
Көш басшы |
Хатшы |
Баяндамашы |
Уақыт сақшысы |
1 |
Тақырыптың ашылуына үлес қосу |
|
|
|
|
2 |
Міндетін атқару |
|
|
|
|
3 |
Топтық жұмысқа атсалысуы |
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
1) 2)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 |
Білу |
Сызықтық және бұрыштық жылдамдық дегеніміз не? |
|
2 |
Түсіну |
Сызықтық және бұрыштық жылдамдық формуласын жаз? |
|
3 |
Қолдану |
Велосипед доңғалығының радиусы 40 см. Айналу периоды 4с. Доңғалақтың айналу кезінде сызықтық жылдамдығы неге тең болды? |
|
4 |
Талдау |
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықды салыстыр? |
|
5 |
Жинақтау |
Машина доңғалағының жүрісіндегі сызықтық және бұрыштық жылдамдықты сипаттап бер?
|
|
6 |
Бағалау |
Дене қозғалысындағы сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың маңыздылығы қаншама? |
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар |
№58 |
Кейінгі оқу |
§8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдық |